Ағымдағы жылдың 21- желтоқсан күні мектебіміздің үздік түлегі, еліміздің мақтанышы Айзада Алдаспекқызы Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің педагогтарына "Заманауи педагог" атты шеберлік сағатын өткізді. Бұл шара қазіргі заман талабына сай білім беру процесінде педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға мүмкіндік берді. Шеберлік сабақ барысында Айзада Алдаспекқызы заманауи білім берудің жаңа бағыттарын, инновациялық әдістерді қолдану жолдарын түсіндіріп, нақты тәжірибелік мысалдармен бөлісті. Педагогтар үшін жаңашыл идеялар мен өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасудың маңызы зор болды. Сізге мектеп ұжымы атынан осындай мазмұнды әрі пайдалы шараны ұйымдастырып, өз біліміңізбен бөліскеніңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл шара ұстаздардың кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, шабыт сыйлағаны сөзсіз. Алдағы жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, зор жетістіктер және тың идеялар тілейміз!
https://drive.google.com/file/d/1JkvXvTWABh1gaVamCFy16YnNrhPMtGdP/view?usp=sharing