Мектебіміздің оқушылары «Ұлттық стайл» жобасына белсене қатысып, қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптейтін этникалық брошь жасады. Бұл жоба қыздардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, қолөнерге деген сүйіспеншілігін оятты.
Брошь жасау барысында қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері, ұлттық нақыштағы түстер мен символдар қолданылды. Әрбір жасалған бұйым тек сәндік әшекей ғана емес, терең мағынасы бар өнер туындысы болды. Қыздар өз қолдарымен жасаған этникалық брошь арқылы ұлттық стильді заманауи сәнмен үйлестіруді үйренді.
Жоба қатысушылары шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және командалық жұмысқа дағдыланды. Этникалық брошь – ұлттық мұраны сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің бір жолы.
Осындай жобалар арқылы оқушылар ұлттық мәдениетті құрметтеуді, өз еңбегін бағалауды үйренеді. Ұлттық стайл – ұлт рухын сезінудің, оны күнделікті өмірде қолданудың жарқын үлгісі.
Жобаға қатысушы: 7-сынып оқушысы Амантай Аида
Жетекшісі: Жагупарова А.К.
https://www.instagram.com/reel/DUAY3KRjWru/?igsh=MWdrd3Y1eDhkeWExaA==










