ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ныгманова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области
Жанабет а.
+7 (718) 414 08 68
nygmanov@aktogay.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ныгманова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
2
ноября
2026

Павлодар облысы білім беру басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау орталығында 7-11 сынып оқушыларына арналған «Жас психолог» облыстық конкурсы өтті.
Аталған конкурсқа мектебіміздің 7 сынып оқушысы Наурызбай Аяулым қатысып, белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Аудандық кезеңде I орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алған оқушымыз өз білімін, ізденісін және зерттеушілік қабілетін көрсете білді.
Аяулымға алдағы уақытта шығармашылық табыс, ғылыми ізденіс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

WhatsApp Image 2026 11 02 at 08.37.04

2
ноября
2026

Педагог-психолог даярлық сыныбында «Сиқырлы сурет» тақырыбында шығармашылық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: балалардың ұсақ қол моторикасын, сенсорлық қабылдауын, қиялын және танымдық қызығушылығын дамыту.
Сабақ барысында қара қағаз бетіне себілген ұн арқылы жасырын бейнелерді анықтау әдісі қолданылды. Оқушылар ұнды үрлеу, сипау арқылы астындағы жануарлардың суретін тауып, ерекше әсер алды.

https://www.instagram.com/reel/DewguAJMuBp/?vrfl=MTNlcWQwOGJmZDI4dQ==

14
января
2026

Оқушылардың когнитивті қабілеттерін, шығармашылық ойлауын және эмоционалдық интеллектісін дамыту мақсатында мектебіміздің педагог-психологі нейрожаттығулар мен миды дамытатын жаттығуларды жүргізеді.

https://www.instagram.com/reel/DTcAEJdiOY6/?igsh=bTIyemVqOGl4MTNz

6
января
2026

Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушыларымен Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) мен
емтихандарға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау дағдыларын үйрету жане өзіне деген сенімділік пен өзін-өзі бағалауды арттыру мақсатында «Емтиханға қалай жақсы дайындалу керек?» атты тренинг өткізілді

WhatsApp Image 2026 01 06 at 11.05.15

1
декабря
2025

Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің психологы А.Ж. Кабенова "Жанұя жылуы" жобасы аясында ата-ана мен бала арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті, түсіністікті және бір-бірін тыңдай білу дағдыларын дамытуға бағытталған "Мен сені естимін және түсінемін. Айқайсыз әлем" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасындағы эмоционалдық қолдаудың маңыздылығын түсіндіру, ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ жанжалды жағдайлардың алдын алып, бір-бірін құрметтеуге негізделген үйлесімді отбасылық атмосфера қалыптастыру болды. Жиналыс барысында ата-аналарға психологиялық тренинг элементтері ұсынылып, тиімді тыңдау, баламен ашық және жұмсақ сөйлесу, эмоцияларды басқару тәсілдері түсіндірілді. Сонымен бірге өзара құрметке негізделген қарым-қатынас орнату жолдары қарастырылып, практикалық жаттығулар жүргізілді. Іс-шара соңында ата-аналар кері байланыс парағын толтырып, өткізілген жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Ұсыныстардың пайдалы болғанын, берілген ақпараттың отбасындағы жылы атмосфераны қалыптастыруға көмектесетінін жеткізді.

https://www.instagram.com/reel/DRM39kBjJQ_/?igsh=MjhvZW1wcDNsb3l2

1
декабря
2025

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес қауіпсіз қарым-қатынас пен ұйымшылдық үшін жағдай жасау, топта сенім мен жайлылықтың негізін қалау мақсатында 10-11 сынып оқушыларымен "Қауіпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз" тақырыбында тренинг өтті.

https://www.instagram.com/reel/DRljt9hiJ3L/?igsh=ZHVmNjEyOXdpMDgx

© 2026. Все права защищены.