ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ныгманова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области
Жанабет а.
+7 (718) 414 08 68
nygmanov@aktogay.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ныгманова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
2
Қараша
2026

Павлодар облысы білім беру басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау орталығында 7-11 сынып оқушыларына арналған «Жас психолог» облыстық конкурсы өтті.
Аталған конкурсқа мектебіміздің 7 сынып оқушысы Наурызбай Аяулым қатысып, белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Аудандық кезеңде I орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алған оқушымыз өз білімін, ізденісін және зерттеушілік қабілетін көрсете білді.
Аяулымға алдағы уақытта шығармашылық табыс, ғылыми ізденіс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

WhatsApp Image 2026 11 02 at 08.37.04

2
Қараша
2026

Педагог-психолог даярлық сыныбында «Сиқырлы сурет» тақырыбында шығармашылық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: балалардың ұсақ қол моторикасын, сенсорлық қабылдауын, қиялын және танымдық қызығушылығын дамыту.
Сабақ барысында қара қағаз бетіне себілген ұн арқылы жасырын бейнелерді анықтау әдісі қолданылды. Оқушылар ұнды үрлеу, сипау арқылы астындағы жануарлардың суретін тауып, ерекше әсер алды.

https://www.instagram.com/reel/DewguAJMuBp/?vrfl=MTNlcWQwOGJmZDI4dQ==

14
Қаңтар
2026

Оқушылардың когнитивті қабілеттерін, шығармашылық ойлауын және эмоционалдық интеллектісін дамыту мақсатында мектебіміздің педагог-психологі нейрожаттығулар мен миды дамытатын жаттығуларды жүргізеді.

https://www.instagram.com/reel/DTcAEJdiOY6/?igsh=bTIyemVqOGl4MTNz

6
Қаңтар
2026

Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушыларымен Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) мен
емтихандарға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау дағдыларын үйрету жане өзіне деген сенімділік пен өзін-өзі бағалауды арттыру мақсатында «Емтиханға қалай жақсы дайындалу керек?» атты тренинг өткізілді

WhatsApp Image 2026 01 06 at 11.05.15

8
Желтоқсан
2025

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" акциясы аясында оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту, адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету, зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу мақсатында мектеп психологі жоғарғы сынып оқушыларымен "Біз зорлық-зомбылықсыз өмірді қалаймыз" тақырыбында пікірталас алаңын өткізді

 

8
Желтоқсан
2025

"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" акциясы аясында оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту, адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету, зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу мақсатында мектеп психологі орта буын оқушылары арасында зорлық-зомбылық мәселесі бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді

WhatsApp Image 2025 12 08 at 08.49.00

1
Желтоқсан
2025

"ДосболLIKE: достық қолын ұсын" республикалық акциясы аясында "Нағыз досың болсын десең - алдымен өзің сондай бол" ұранымен оқушылардың физикалық және психоэмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз ету, бірлескен іс-әрекет барысында қарым-қатынас тәжірибесі арқылы жағымды қарым-қатынас орнатуға бағытталған білсенді мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында педаго-психолог Аяужан Жастілекқызы оқушылармен "Жақсы көңіл күй сыйла" треннингін өткізді

https://www.instagram.com/reel/DRLzdgWDLDQ/?igsh=bHd2dmY3a213MWN1

1
Желтоқсан
2025

Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің психологы А.Ж. Кабенова "Жанұя жылуы" жобасы аясында ата-ана мен бала арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті, түсіністікті және бір-бірін тыңдай білу дағдыларын дамытуға бағытталған "Мен сені естимін және түсінемін. Айқайсыз әлем" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасындағы эмоционалдық қолдаудың маңыздылығын түсіндіру, ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ жанжалды жағдайлардың алдын алып, бір-бірін құрметтеуге негізделген үйлесімді отбасылық атмосфера қалыптастыру болды. Жиналыс барысында ата-аналарға психологиялық тренинг элементтері ұсынылып, тиімді тыңдау, баламен ашық және жұмсақ сөйлесу, эмоцияларды басқару тәсілдері түсіндірілді. Сонымен бірге өзара құрметке негізделген қарым-қатынас орнату жолдары қарастырылып, практикалық жаттығулар жүргізілді. Іс-шара соңында ата-аналар кері байланыс парағын толтырып, өткізілген жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Ұсыныстардың пайдалы болғанын, берілген ақпараттың отбасындағы жылы атмосфераны қалыптастыруға көмектесетінін жеткізді.

https://www.instagram.com/reel/DRM39kBjJQ_/?igsh=MjhvZW1wcDNsb3l2

© 2026. Все права защищены.