|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ныгманова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
2
Желтоқсан
2025
|
⚜️«ВОЛОНТЕР ӘЛЕМІ» АТТЫ ТРЕНИНГ ФОРМАТЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ.
⚜️Бүгін Нығманов атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына Мүткенов ауылдық округінің жастар ісі-жөніндегі инспекторы «Волонтер әлемі» атты тренинг форматындағы кездесуін өткізді.
⚜️Кездесу барысында келесі тақырыптар талқыланды:
✅ Волонтерлік дегеніміз не және ол не үшін керек?
✅Волонтерліктің пайдасы неде? қоғам игілігі үшін және өзіне пайдасы қандай?
✅ Волонтерлер немен айналысады?
✅ Волонтерлік істің негізі 14 бағыты
✅Волонтерлік туралы аңыздар
Сонымен қатар оқушылар қауымы спорттық және экологиялық волонтерлік бағыттары бойынша жобаларын қорғады.
⚜️ Лидерлік қасиеттер: байланыс құрушы және стратег-лидердің маңызды функциялары туралы оқушылар флип-чартқа класстер толтырды.
⚜️ Топтық жұмысты ұйымдастыру үшін қызықты ойындар мен волонтерлық қызмет жөнінде сұрақ-жауап айдары да өткізілді.
⚜️ Іс-шараны өткізуге қолдау білдірген Нығманов орта мектебінің әкімшілігіне алғыс білдіреміз!!
|
2
Желтоқсан
2025
|
ЖАС ҰЛАН – ЕЛ БОЛАШАҒЫ! 🇰🇿
Бүгін мектебімізде Республика күніне орай Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Бұл күні 2-сынып оқушылары – «Жас Қыран», ал 5-сынып оқушылары – «Жас Ұлан» қатарына салтанатты түрде қабылданды.
Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен басталып, жас ұландар мен жас қырандар Отанға адал болуға ант берді.
Бұл сәт — жас буынның жүрегіне елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатқан ерекше күн болды. Қабылданған оқушылар ұйымның ұранын шырқап, өздерінің жаңа мәртебесіне қуанышпен бөленді.
✨ «Жас Ұлан – елдің ертеңі, тәуелсіздіктің тірегі!»
https://www.instagram.com/reel/DQMFJkMDQUE/?igsh=a3c2Nmc2ZzhjNGto
|
17
Ақпан
2025
|
Бүгін мектебіміздің "Сұңқар" еріктілер тобы "Жылулық сыйлайық" акциясына белсенді қатысты. Игі шара барысында Жаңабет ауылының жұмысшыларына ыстық шәй, самса және тәттілер таратылды. Бұл акцияның негізгі мақсаты – еңбек адамдарына қолдау көрсетіп, оларға жылулық сыйлау. Жұмысшылар еріктілердің ықыласына ризашылықтарын білдірді.
Осы сияқты шаралар қоғамдағы жанашырлық пен бірлікті нығайтуға септігін тигізеді
|
9
Желтоқсан
2024
|

Мектеп парламентінің белсенділері мектеп ауласын қардан тазартып "Қарлы" челленджі өтті
|
2
Желтоқсан
2024
|
Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің "Адал ұрпақ" еріктілер клубының "Сұңқар" командасы "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының VII облыстық слетінің аудандық кезеңіне қатысып III орынды иеленді

|
29
Қараша
2024
|
|
29
Қараша
2024
|
|
29
Қараша
2024
|






