ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ныгманова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области
Жанабет а.
+7 (718) 414 08 68
nygmanov@aktogay.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ныгманова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
13
Ақпан
2026

Мектебімізде тарих пәні мұғалімі Амангелді Ғалымбек Тоқтарұлы «Цифрлық технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара барысында мұғалім сабақ үдерісінде цифрлық платформаларды қолданудың тиімді жолдарын көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру мен оқу сапасын көтерудегі маңызын атап өтті. Атап айтқанда, интерактивті тапсырмалар, онлайн тестілеу, цифрлық карталар мен бейнематериалдарды пайдалану арқылы тарихи оқиғаларды терең түсіндіру тәсілдері таныстырылды.

WhatsApp Image 2026 02 13 at 09.00.33

13
Ақпан
2026

Мектебімізде 9-сынып оқушыларын МОДО-ға дайындау мақсатында математикалық сауаттылық бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Дайындық барысында оқушылардың күнделікті өмірмен байланысты есептерді шығару, мәтіндік тапсырмаларды талдау, логикалық ойлау және математикалық модель құру дағдыларын дамытуға басымдық берілуде. Сабақтарда функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған практикалық есептер, диаграмма, кесте, графикпен жұмыс түрлері қамтылуда.

WhatsApp Image 2026 02 13 at 08.58.56

13
Ақпан
2026

Мектебімізде оқу сауаттылығы пәні бойынша бекітілген дайындық кестесіне сәйкес ҰБТ-ға жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Дайындық барысында оқушылармен мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, негізгі ойды анықтау, ақпаратты талдау және салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Апталық кесте бойынша тест тапсырмалары талданып, қателермен жұмыс жүргізіледі.

Сонымен қатар, оқушыларға уақытты тиімді пайдалану, сұрақтарды дұрыс түсіну және жауап нұсқаларын сараптау тәсілдері үйретілуде. Әрбір сынама тест нәтижесі сараланып, жеке оқушылармен қосымша жұмыс ұйымдастырылады.

Жүйелі әрі мақсатты дайындық оқушылардың оқу сауаттылығын арттырып, ҰБТ нәтижесін жақсартуға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026 02 13 at 08.57.24

13
Ақпан
2026

«Білім сапасын арттырудағы оқыту әдістерінің рөлі» тақырыбында өткен педагогикалық кеңесте қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланып, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру жолдары қарастырылды.

Кеңес барысында білім сапасын арттырудың негізгі тетігі – тиімді оқыту әдістерін дұрыс таңдау екені атап өтілді. Заманауи педагогикалық технологияларды қолдану, саралап оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, жобалау әдісі, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, оқу мотивациясын күшейтетіні айтылды.

Сонымен қатар, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен үздіксіз ізденісі білім сапасына тікелей әсер ететіні ерекше назарға алынды. Тәжірибе алмасу, ашық сабақтар өткізу, коучингтер мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру арқылы педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін арттыру қажеттігі сөз болды.

 

3
Желтоқсан
2025

1-желтоқсан күні жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігі апталығының ашылуы өтті

https://www.instagram.com/reel/DRyl952je0s/?igsh=bHdtNzVwOXg0cXd3

© 2026. Все права защищены.