2024 жылдың 26 қаңтар күні Қимадиден Нығымановтың 100 жылдығына орай, Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде аудандық 5-11-сынып оқушыларының арасында Қимадиден оқулары өтті. Аталған іс-шараға филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Торайғыров университетінің “Үш тұғырлы тіл” кафедрасының меңгерушісі Зейнуллина Айман Файзоллаевна, Торайғыров университетінің “Үш тұғырлы тіл” кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық ғылымдар магистрі Нуркина Назгүл Амантаевна,
“Aiqara.kz” АА бас редакторы, медиахолдинг директорының кеңесшісі Сманов Жұмабек Өркенұлы, “Halyq radiosy” редакторы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қабділәшім Еламан Қасенұлы, Ақтоғай ауданы білім бөлімінің әдіскері Риза Манейқызы және ақын ұрпақтары қатысты.
Қимадиден оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері:
Жерлес ақын Қимадиден Нығыманов мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың адамзаттық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету. Ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау.
https://www.instagram.com/reel/C2psBhbIAu6/?igsh=cXFpMXNseXBvdGdv