Мектебімізде бүгін «Армысың, Әз-Наурыз!» атты іс-шара болып өтті.
Наурыз - көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесі қазақтың жыл санауында жылдың басы, жаңа жыл мерекесі болып есептеледі. Өйткені Жер-ананың қайта түлеп, жер жүзінің жаңаратын кезі, қар еріп, ағаштар бүршік атып, бәйшешек шығып, төрт түлік мал төлдеп, ағарғанның көбейіп, дастарханның асқа толатын уақыты. Сондықтан да , «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»- деп бекер айтпаса керек.
Ұлыстың ұлы мерекесіне орай , мектепте түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сыныптарда қазақтың салт-дәстүрін дәріптеп, ұлттық ойын түрлерін көрсетіп, қазақтың кең пейілділігін танытты.
Сонымен қатар, қазақтың салт дәстүрін дәріптеу мақсатында оқушылар өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды.
Құрметті қазақ елі , Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекеміз құтты болсын! Ырысты , берекелі жыл болсын!
https://www.instagram.com/reel/C4vc4m6olTl/?igsh=Zmltc2Jmc282ZXF4