“Баршаға қолжетімді сапалы білім” Ұлттық баяндамасын іске асыру жөніндегі жол картасы бойынша “Білім беру сапасын арттыру мақсатында кәсіби шеберлікті жетілдіру” тақырыбында Нығыманов атындағы жалпы білім беру орта мектебінде семинар өткізілді. Семинарға Қайырбаев ат ОМ, Ы.Алтынсарин ОМ, Жаңатап БМ мұғалімдері қатысты. Семинар мақсаты:мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибемен бөлісу және тиімді педагогикалық әдістерді меңгеру арқылы мектептің білім сапасын көтеру. Педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттырудың ең маңызды құралы оқу сабақтарына өзара қатысу болып табылады. Сабақтарға өзара қатысудың негізгі мақсаты-білім беру бағдарламаларының, оқыту формаларының орындалуын бақылау, сабақ сапасын тексеру, педагогтердің іс-әрекеті мен кәсіби дамуын бағалау, жаңа білім беру технологияларымен танысу және оқу прцесіне енгізу болғандықтан семинарға қатысқан ұстаздар өткізілген сабақтар мен шеберлік сыныбынан алған әсерлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасып, кері байланыс жасады.
https://drive.google.com/file/d/1jQe7anEYaciJsvGI_QqJm7Up00EVnXva/view?usp=sharing