Облыстық кезеңде жеңіс!
Бүгін М.Катаев атындағы оқушылар сарайының базасында "Мамандықтар марафоны" байқауының облыстық кезеңі өтті. Аталмыш байқауда біздің Ақтоғай ауданының оқушылары тамаша нәтижелерге қол жеткізді! 🏆
✨ Жүлделі орын алғандар:
І орын: 🛠 "Мастер своего дела" номинациясы – Абай атындағы орта мектебінің «Болашақ» командасы (Кенжебек Рамазан, Тоқтар Махамбет, Жүкен Әбдірахман, Қабылбек Мұхамедия). Жетекшісі: Қизатов Н.Ж. 🌿 "Эко-мастер" номинациясы – Нығыманов атындағы орта мектебінің «Шебер» командасы (Берекенов Айтуар, Кәкім Алмаз, Сатылған Инәбәт, Едіге Айым, Елубай Динара, Керей Дария, Тілеулес Толғанай). Жетекшісі: Адамова А.А.
ІІ орын: 💻 "IT-мастер" номинациясы – Абай атындағы орта мектебінің «SteelMind» командасы (Назымбек Әли, Әльмұхамбетов Ислам). Жетекшісі: Қайырбек Қ.Қ.
ІІІ орын: 🎨 "Дизайнер будущего" – Абай атындағы орта мектебінің оқушысы Мырзабек Бақашар. Жетекшісі: Әлімов Р.Т. 🍳 "Шеф-повар" – К.Идрисов атындағы орта мектебінің оқушысы Тұхтарова Айғаным. Жетекшісі: Сағындықова К.К.
👏 Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз, шығармашылықтарыңыз және табандылықтарыңыз ауданымыздың мақтанышы! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынымызға сенімдіміз.











