Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің "Аққу қыздар" клубының мүшелері 8-наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Бұрымды қыз» конкурсына онлайн қатысуда. Шашбау тағудың сырын ашып, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртуға үлкен үлес қосты.
Шашбау тағудың маңызы:
Шашбау – қыз баланың ұзын әрі әдемі шашына тағылатын ұлттық әшекей. Ол тек сәндік үшін ғана емес, сонымен қатар:
- Шаштың әдемі өсіп, ұзын әрі қалың болуына ықпал етеді;
- Желмен ұйысып қалмауын қамтамасыз етеді;
- Қыз баланың нәзіктігі мен сұлулығын айқындайды;
- Көз тиюден, жаман энергиядан қорғайды деген наным бар.
Бұл конкурста қатысушылар шаш күтімі, шаш өрімі және шашбаудың түрлері туралы айтып, өздерінің ұлттық нақыштағы шаш сәндеулерімен ерекшеленді. Конкурсқа қатысушы 5-сынып оқушысы Кайырова Нурия.
https://www.instagram.com/share/BBO7gCFNq8
https://www.instagram.com/share/BBF9mF2Yy6
https://www.instagram.com/share/BADU5DP6zU
https://www.instagram.com/share/BAJR8UVuRB
https://www.instagram.com/share/BAO5RZtS-d