"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, "Даналық мектебінің" жоспарына сәйкес отбасындағы татулық пен бірлікті нығайтуда жеңгелердің рөлін көрсету мақсатында "Жеңге мінезімен көркем" атты тағылымдық конкурс өтті.
Конкурсқа "Жеңге кеңесі" клубының мүшелері, Жаңабет ауылының абыройлы 4 келіні – Шорманова Салтанат, Альмишева Жанар, Қажмағанбетова Айкүміс және Абылкасова Алтын қатысты. Шара барысында қатысушыларға жағдаяттық сұрақтар қойылды, әр қатысушы дұрыс шешімін табу бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, арнайы бейнеролик көрсетіліп, сол бойынша тапсырмалар орындалып, жеңгелер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараны мектептің биші қыздары бимен шашу шашып, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. Конкурс соңында барлық қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды: "Мейірімді және қонақжай жеңге",
"Көркем мінезді жеңге",
"Үздік жеңге",
"Тәртіпті әрі үлгілі жеңге"
Шара естелікке ортақ суретке түсумен аяқталды. Мұндай тағылымы мол іс-шаралар ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, келешек ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ныгманова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ныгманова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области
Мектеп туралы
Donec eleifend neque eros, ac pharetra justo fringilla id. Sed ut iaculis nisl, eget rhoncus ante. Phasellus nec porttitor libero. Nunc efficitur risus tortor, non rutrum metus interdum faucibus. Suspendisse eget nunc ut augue mattis posuere eu eget diam. Mauris elit ligula, vehicula a pulvinar sed, tempus a lorem.
Іздеуді оқып-үйрену
Sed pretium ultricies urna, et vehicula turpis aliquet quis. Morbi quam lacus, auctor vitae urna id, blandit fermentum turpis. Morbi ac est pharetra, ultricies augue at, scelerisque arcu. Nulla in eros vestibulum, auctor nisl non, interdum dui.
Тәрбие жұмысы
Curabitur commodo consectetur neque. Sed viverra dolor eget blandit porttitor. Aliquam sed commodo dui, sit amet aliquam dolor. Morbi tortor metus, blandit eu aliquam sed, ornare vitae tortor.