Павлодар облысында «Ұлттық Style» жобасы басталды!
10 қазаннан бастап Павлодар облысының білім беру басқармасының бастамасымен өңірдің барлық мектептерінде ұлттық стильді насихаттауға бағытталған ерекше жоба жол тартпақ.
Ұлттық Style - күнделікті өміріңе қазақтың ою-өрнегін, қолөнерін және этностиль элементтерін енгізудің тамаша мүмкіндігі!
📌 Қатысу шарттары:
Әр жұма – ұлттық стиль күні!
Мектепке ұлттық элементі бар киім киіп кел немесе этноаксессуар тағып, өз стиліңді көрсет!
📍 Қазан айының тақырыбы – «Этно-бренд»
Бұл айда сен нағыз ұлттық стиль дизайнері болып, өз қолыңмен ерекше аксессуар жасап, көрсет:
Тұлпар бейнесіндегі салпыншақ
Бауырсақ бейнесіндегі жапсырма немесе әшекей
Қазақтың ою-өрнегімен безендірілген аксессуар
📸 Өз жұмысыңды бейне немесе фото түрінде түсіріп,
#этноstylepvl хештегімен әлеуметтік желіге жүкте.
Дауыс беру:
Ең үздік жұмыстар ұйымдастырушылардың ресми парақшасында жарияланып,
жеңімпаздар онлайн-дауыс беру (лайк саны) нәтижесі бойынша анықталады.
Ең креативті қатысушылар «Стильді ұрпақ» атағына ие болып, алғыс хаттармен марапатталады!
Жоба 2026 жылдың сәуір айына дейін жалғасады.
Ұлттық нақышты заманауи трендке айналдырайық!
https://www.instagram.com/reel/DPwVV0DDSai/?igsh=MWdhdTByN3Ezb3Fueg==










