Мектебімізде 1 Желтоқсан – Дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне орай «Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!» атты танымдық сайыс өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың ЖҚТБ туралы білімін тереңдету, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын үйрету, жауапкершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сайысқа 7–10 сынып оқушылары қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Сайыс 6 кезеңнен тұрды:
1. «Таныстыру» – топтар атауын, ұранын, эмблемасын таныстырды.
2. «Білімін анықта!» – тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап берді.
3. «Қауіп пе, жоқ па?» – ақиқат пен жалған тұжырымдарды анықтады.
4. «Шығармашылық жұмыс» – «Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз» тақырыбында постер салып, қорғады.
5. «Ситуациялық жағдаят» – өмірлік жағдайлардан шығу жолдарын ұсынды.
6. «Қарсы сұрақ» – топтар бір-біріне сұрақ қойып, өз білімін дәлелдеді.
Сайыс тартысты әрі мағыналы өтті. Қазылар алқасы топтардың білімін, дайындығын, шығармашылығын бағалай отырып, жеңімпаздарды анықтады.
Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 1 орын — 9–10 сынып «Қызыл лента» тобы
🥈 2 орын — 7 сынып «Үміт» тобы
🥉 3 орын — 8 сынып «Қорғаушылар» тобы иеленді










