КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ-ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚҚА МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
⚜️Қазіргі заман-мүмкіндіктер мен өзгерістер заманы. Жастардың алдында шексіз жол ашық: шет елде оқу, стартап ашу, шығармашылықпен айналысу, саяхаттау, еріктілікпен айналысу-бәрі де қолжетімді.
⚜️ Бүгін Нығманов атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына Мүткенов ауылдық округінің жастар ісі-жөніндегі инспекторы келесі бағыттар бойынша кездесу өткізді:⬇️
✅Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары.
✅ Жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар түрлері.
✅ Жастарға арналған мотивациялық 10 кеңес
✅ Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі (мәселелер, мақсат, іске асыру уақыты)
⌛ Сонымен қатар оқушылар болашақтағы армандарын жазып «Уақыт капсуласына» салды.
Өзің-өзі табу дегеніміз- өзіңді тану, өз қабілетіңді, қызығушылығынды, құндылықтарды, мақсатынды түсіну. Бұл жол оңай емес. Алайда дұрыс бағыт пен мотивация арқылы кез келген жас өзінің өмірлік жолын таба алады.
⚜️ЖАСТАРҒА ҚАЖЕТТІ 10 КЕҢЕС 🌟
1) Өзін тану-алғашқы қадам
2) Армансыз адам-қанатсыз құспен тең
3) Қателесу-қалыпты құбылыс
4) Уақытты тиімді пайдалану
5) Өзгелермен салыстырма, өзіңді өсір
6) Тәжірибе-ең жақсы мұғалім
7) Мақсат қой және әрекет ет
8) Жан тыныштығын сақтау
9) Өзіңе сен
10) Өзгелерден кеңес тыңда, бірақ таңдауды өзің жаса.










