2026 жылғы 15 қыркүйек күні Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде Өзін-өзі басқару ұйымының жоспарына сәйкес 5–9 сынып оқушылары арасында «Жол ережесін білесің бе?» атты танымдық сайыс өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды жолда жүру мәдениетіне тәрбиелеу, жол қозғалысы ережелерін есте сақтауын нығайту, қауіпсіздік талаптарын сақтауға үйрету, сондай-ақ оқушылардың ұйымшылдығы мен жауапкершілігін арттыру.
Сайысқа 5–9 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысып, өзара білімдері мен шапшаңдықтарын сынады. Байқау төрт кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең – «Таныстыру». Әр команда өз атауын, ұранын және эмблемасын таныстырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Екінші кезең – «Белгілер сырын білесің бе?». Қатысушыларға жол белгілері көрсетіліп, олардың мағынасын түсіндіру тапсырылды. Бұл кезеңде оқушылар жол белгілерін тану және жол қауіпсіздігі ережелері бойынша білімдерін көрсетті.
Үшінші кезең – «Жағдайдан жол таба біл» медициналық көмек кезеңі. Оқушыларға түрлі жағдаяттық тапсырмалар ұсынылып, жол-көлік оқиғалары кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша білСайыс барысында оқушылар жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсініп, қауіпсіздік талаптарын тәжірибе жүзінде бекітті. Сонымен қатар топпен жұмыс жасау, бір-біріне қолдау көрсету, шапшаң шешім қабылдау және жауапкершілік таныту дағдыларын қалыптастырды.
Осындай танымдық әрі тәжірибелік бағыттағы іс-шаралар оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білімін арттырып қана қоймай, өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Жол ережесін білу – қауіпсіздіктің бастауыімдері мен практикалық дағдылары бағаланды.
Төртінші кезең – «Велосипедпен кедергіде�
https://www.instagram.com/reel/Des77jrsyKj/?psln=MWR6dHp4bWh0dnJ1dQ==










