🎓 Дублер күні – оқушыға мүмкіндік, ұстазға құрмет!2026 жылғы 5 қазан күні Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Дублер күні» ұйымдастырылып, жоғары сынып оқушылары бір күнге ұстаздардың рөлін атқарды.
Бұл күннің басты мақсаты – оқушылардың бойында жауапкершілік, көшбасшылық, ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастыру, мұғалім еңбегін түсіну және ұстаз мамандығына деген құрметті арттыру.
Оқушылар сабақ беріп, өздерін нағыз ұстаз ретінде сынап көрді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, білім алушылармен жұмыс жасау барысында ұстаз еңбегінің қаншалықты маңызды әрі күрделі екенін сезінді.
🌟 Дублер күні – оқушылар үшін үлкен тәжірибе, ал ұстаздар үшін өз еңбегінің қадірін сезіндіретін ерекше күн болды.
Іс-шара жоғары көңіл-күймен, қызықты әрі мазмұнды өтті.
Ұстазға құрмет – білімге құрмет!
Дублер күні – көшбасшылыққа бастар қадам! 📚✨
https://www.instagram.com/reel/Des9_R9sGk7/?cplk=MWZ2YnNkbDI5eWJw










