КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ — ЖАС ҰРПАҚТЫ ӨЗІНЕ ҰНАҒАН ТИІСТІ МАМАНДЫҚТЫ САНАЛЫ ТАҢДАП АЛУҒА ДАЙЫНДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТІ.
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау.
Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.
Осыған орай, бүгін мектебіміздің "Алтын белгі" иегері, мақтанышы, 2021 жылғы түлегі, қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті "География және табиғатты пайдалану" факультетінің 4 курс студенті Тлеуқабылов Бекмұхаммед Олжабайұлымен кездесу өтті.
Кездесу барысында мамандықты қалай таңдау керек?, ҰБТ-ге қалай дайындалу керек? деген сұрақтарға жауап бере отырып, өз мамандығын қалай таңдағандығын, қалай ТМД елдері арасында "Үздік студент" атанғаны жайлы сырымен бөлісті. Оқушылар сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптар алды. Кездесу соңында қонағымыз мектеп түлектеріне алдағы келе жатқан ҰБТ-ден жоғары нәтижелер көрсетулеріне, өздері қалаған мамандық иелері болуларына тілектес екендіктерін жеткізді.
https://www.instagram.com/reel/DFYDhrtoWaU/?igsh=M212cnZ2cTB4Mmxq