ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ныгманова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области
Жанабет а.
+7 (718) 414 08 68
nygmanov@aktogay.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ныгманова" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Басшы білім беру ұйымы туралы мәліметтер

МЕКТЕП АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2025 жылдың 19 қыркүйек күні «Мектеп пен отбасы: Адал әрі жауапты азаматты тәрбиелеудегі өзара ынтымақтастық» тақырыбында мектептің ата-аналар комитетінің жиналысы өтті.
Жиынның басты мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайта отырып, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыруға бағытталған қолайлы орта қалыптастыру.

Күн тәртібінде талқыланған мәселелер:

1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттыру жолдары;
2. Комитет қызметін үйлестірудің ерекшеліктері;
3. Комитет төрағасы мен алқа мүшелерін сайлау.

Жиын барысында ата-аналар тарапынан құнды ұсыныстар айтылып, болашақта атқарылатын бірлескен жұмыстардың жоспары белгіленді. Жаңа сайланған ата-аналар комитетіне сәттілік тілейміз!
Бала тәрбиесі – ортақ іс! Бірлесе отырып, жарқын болашаққа жол ашайық!

https://www.instagram.com/reel/DOxqav-DZCN/?igsh=MTFtaGh5eXY4aWFudA==

© 2025. Все права защищены.