«Білім сапасын арттырудағы оқыту әдістерінің рөлі» тақырыбында өткен педагогикалық кеңесте қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланып, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру жолдары қарастырылды.
Кеңес барысында білім сапасын арттырудың негізгі тетігі – тиімді оқыту әдістерін дұрыс таңдау екені атап өтілді. Заманауи педагогикалық технологияларды қолдану, саралап оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, жобалау әдісі, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, оқу мотивациясын күшейтетіні айтылды.
Сонымен қатар, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен үздіксіз ізденісі білім сапасына тікелей әсер ететіні ерекше назарға алынды. Тәжірибе алмасу, ашық сабақтар өткізу, коучингтер мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру арқылы педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін арттыру қажеттігі сөз болды.






