Мектебімізде оқу сауаттылығы пәні бойынша бекітілген дайындық кестесіне сәйкес ҰБТ-ға жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Дайындық барысында оқушылармен мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, негізгі ойды анықтау, ақпаратты талдау және салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Апталық кесте бойынша тест тапсырмалары талданып, қателермен жұмыс жүргізіледі.
Сонымен қатар, оқушыларға уақытты тиімді пайдалану, сұрақтарды дұрыс түсіну және жауап нұсқаларын сараптау тәсілдері үйретілуде. Әрбір сынама тест нәтижесі сараланып, жеке оқушылармен қосымша жұмыс ұйымдастырылады.
Жүйелі әрі мақсатты дайындық оқушылардың оқу сауаттылығын арттырып, ҰБТ нәтижесін жақсартуға мүмкіндік береді.







