Ағымдағы жылдың 19 наурызында мектебіміздің бірқатар мұғалімдері Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясына "Қаладан-ауылға" облыстық инновациялық жобасы аясында өткен, "Жасанды интеллект: қалалық және ауылдық мектеп жағдайында білім берудің жаңа мүмкіндіктері" тақырыбындағы әдістемелік шеберханада өз тәжірибелерімен бөлісті.
Әдістемелік шеберхананың мақсаты: қалалық және ауылдық мектептердің мұғалімдері арасында жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді қолдану бойынша тәжірибе алмасуды үйлестіру, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқыту сапасын жетілдіру және оқушылардың оқу жетістіктерін арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен насихаттау







