Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің психологы А.Ж. Кабенова "Жанұя жылуы" жобасы аясында ата-ана мен бала арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті, түсіністікті және бір-бірін тыңдай білу дағдыларын дамытуға бағытталған "Мен сені естимін және түсінемін. Айқайсыз әлем" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасындағы эмоционалдық қолдаудың маңыздылығын түсіндіру, ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ жанжалды жағдайлардың алдын алып, бір-бірін құрметтеуге негізделген үйлесімді отбасылық атмосфера қалыптастыру болды. Жиналыс барысында ата-аналарға психологиялық тренинг элементтері ұсынылып, тиімді тыңдау, баламен ашық және жұмсақ сөйлесу, эмоцияларды басқару тәсілдері түсіндірілді. Сонымен бірге өзара құрметке негізделген қарым-қатынас орнату жолдары қарастырылып, практикалық жаттығулар жүргізілді. Іс-шара соңында ата-аналар кері байланыс парағын толтырып, өткізілген жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Ұсыныстардың пайдалы болғанын, берілген ақпараттың отбасындағы жылы атмосфераны қалыптастыруға көмектесетінін жеткізді.
https://www.instagram.com/reel/DRM39kBjJQ_/?igsh=MjhvZW1wcDNsb3l2






