Павлодар облысы білім беру басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау орталығында 7-11 сынып оқушыларына арналған «Жас психолог» облыстық конкурсы өтті.
Аталған конкурсқа мектебіміздің 7 сынып оқушысы Наурызбай Аяулым қатысып, белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Аудандық кезеңде I орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алған оқушымыз өз білімін, ізденісін және зерттеушілік қабілетін көрсете білді.
Аяулымға алдағы уақытта шығармашылық табыс, ғылыми ізденіс пен жаңа жетістіктер тілейміз!







